2015 жылғы 4 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. «Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Yкiметiнің 2012 жылғы 12 қазандағы №1299 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1082-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 4 ақпандағы №31 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2012 жылғы 12 қазандағы №1299 қаулысымен бекiтiлген
Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне
Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және
мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 73, 77 және 78-баптарына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерi (бұдан әрі – қызметкерлері) мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу тәртібін айқындайды.
2. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу тәртібі
2. Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу мына адамдарға жүргізіледі:
1) қызметкерлерге (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мынадай оқиғалар кезінде:
медициналық көрсеткіштер бойынша стационарлық емделуге бару мен кері қайту;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілген жолдама негізінде медициналық тексеруге (куәландыруға) бару және кері қайту;
қызметі бойынша ауысуы;
Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11), 12) 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа қызметтен босатылуы;
2) арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына мынадай оқиғаларда:
стационарлық емделуге бару мен кері қайту;
еңбек демалысына бару мен кері қайту;
Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа қызметтен босатылуы;
3) қызметкердiң онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерiне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мынадай оқиғалар кезінде:
қызметкердің қызмет бойынша ауысуы;
қызметкердің Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа қызметтен босатылуы.
Қызметкерлердiң отбасы мүшелерi деп жұбайы (зайыбы), ерлi-зайыптылардың ортақ немесе бiрiнiң кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары; бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмiнде оқитын 23 жасқа дейiнгi (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; 18 жасқа дейiн мүгедек болып қалған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) мүгедек балалары және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; қызметкердiң асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы түсініледі. Қызметкердің асырауындағы адамдар деп оның табысы есебінен өмір сүретін және жеке табыс көзі жоқ отбасы мүшелері танылады.
3. Қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес болған оқиғаның фактісі бойынша және қызметкерлер штатында (қарамағында) болатын арнаулы мемлекеттік органның мекемесі (бұдан әрі – мекеме), ал қызметкер қызметтен босатылған жағдайда – ол таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган жүзеге асырады.
Қызметкер қызметі бойынша ауысқан кезде шығындарды өтеуді қызметкер қызметін одан әрі өткеру үшін келген мекеме жүзеге асырады.
4. Қызметкердің қызмет орнынан немесе тұратын жерінен оқиғаның өткізілетін жеріне дейінгі және қайту жолына берілген жол жүру құжаттарының негізінде ақы төленуге тиіс.
5. Көлік уақтылы келмеген немесе жөнелтілмеген жағдайда, қызметкер жолаушының өтінішімен тасымалдаушы беретін көліктің кешіккені туралы куәландыратын құжатты бередi.
6. Қызметтен босатылған қызметкерге, арнаулы (әскери) оқу орнының курсантына жол жүру шығындарын өтеген жағдайда аталған тұлға таңдаған тұрғылықты мекенжайы бойынша аумақтық орган тұлғаның қызмет өткерген жері бойынша мекемеден оның қызметтен босатылғаны туралы бұйрықтан үзінді көшірме сұратады.
7. Жол жүру шығындарын өтеуді жүзеге асыру үшін қызметкер, арнаулы (әскери) оқу орнының курсанты оқиға аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қызметкерлер мен арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары үшін – осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баянат;
2) қызметтен босатылған қызметкерлер мен арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары үшін – осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) қажет болған жағдайда – осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша стационарлық емделуге не медициналық тексерілуге (куәландыруға) жіберу үшін медициналық көрсеткіштерінің бар екендігі туралы көрсете отырып, қабылданған стационарлық емі не медициналық тексерілу (куәландыру) туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;
4) жол жүру құжаттары;
5) қызметкер қызметтен ауысқан немесе босатылған жағдайда – қызметкердің отбасы құрамы туралы мекеменің кадрлар бөлімшесінің анықтамасы;
6) қызметтен босатылған қызметкерлер, арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары үшін заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банк құжаттарының көшірмелері;
7) қажет болған жағдайда – осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар.
8. Жол жүру шығындарын өтеу сомаларын төлеу осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген, дұрыс ресімделген құжаттар толық көлемде алынған күннен бастап банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
3. Жеке мүлікті тасымалдауға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі
9. Қызметкер қызметі бойынша ауысқан кезде (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа), сондай-ақ Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа қызметтен босатылған кезде, оған салмағы он тоннаға дейінгі жеке мүлкін бұрынғы қызмет орнынан (тұрғылықты жерінен) жаңа қызмет орнына (тұрғылықты жеріне) дейін тасымалдау шығындары өтеледі.
10. Жеке мүлікті тасымалдау жөніндегі шығындарды өтеу баянаттың (өтініштің) (өтініш берушінің мәртебесіне қарай осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшалар) және құжаттарды ресімдеу бойынша жұмсалған шығыстар, жүктерді жөнелту және жеткізу туралы ұсынылған құжаттар негізінде дұрыс ресімделген құжаттар толығымен алынған күннен бастап банктік 5 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидаларына 1-қосымша
Кімге:___________________________________
(шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы
мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына)
Шығындарды өтеуге арналған
баянат
Сізден__________________________________________________________
____________________________________________________________________
(оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)
______________________ маған жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.
Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
… __________________________________________________________________
______________________________ _______________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты қолы
(құжатта бар болса)
______ жылғы «_____» ___________
(жылы) (күні (айы)
Бастық: ___________________ _______________ _______________________
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты,әкесінің аты
(құжатта бар болса )
Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидаларына 2-қосымша
Кімге:___________________________________
(шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы
мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына)
Кімнен:_________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
______________________________ тұратын
тел. ____________________________________
Шығындарды өтеуге арналған
өтініш
Сізден_________________________________________________ үшін
(оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)
маған шығындарды өтеуді сұраймын.
Тиесілі соманы _________________________________________________
___________________________________________________ аударуды сұраймын
___________________________________ банктің № _________________ филиалы
Дербес немесе карт-шот _______________________________________________
Алушының ЖСН _______________________
Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
… __________________________________________________________________
____ жылғы «___» ________ Өтініш беруші _________ ___________________
(күні) қолы (тегі, аты, әкесінің аты
(құжатта бар болса)
Бастық: _________________________ _______________ ____________________
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(құжатта бар болса)
Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидаларына 3-қосымша
Анықтама
________________________________________________________ берілді,
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
оған ________________________________________________________________
(емдеу мекемесі және оның орналасқан жері көрсетіледі)
____________________________________________________________________
(медициналық көрсеткіштері көрсетіледі)
_________________________________ медициналық көрсеткіштері бойынша
_____ жылғы «___»___________ _____ жылғы «____»___________ аралығында
_______________________________________ көрсетілді.
(медициналық қызметтің түрі көрсетіледі)
Анықтама Қазақстан Республикасының аумағында жол жүру шығындарын өтеу үшін берілді.
М.О.
Дәрігерлік-консультациялық комиссияның төрағасы
_______ _______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(құжатта бар болса)